Қытайда биыл 5G сервисін ұсынатын 50 мың станция салынады

950

Бұл желі жыл соңына дейін ірі 50-ден астам қалада қолданысқа енгізілмек.

Қытайда биыл 5G сервисін ұсынатын 50 мың станция салынады

Станцияларды салып жатқан China Mobile корпорациясы өкілдерінің мәліметі бойынша, ел үкіметі 6 маусымнан бастап лицензия бере бастады. Мобильді байланыстың бесінші буыны өнеркәсіптің бірқатар салаларының бірігуіне, сондай-ақ инфрақұрылымның дамуына зор септігін тигізеді.

Қазір China Mobile корпорациясының 2,4 миллионнан астам 4G желісі станциясы жұмыс істеп тұр. Бұл әлемдегі 4G станцияларының 30 пайызын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу