Қытайда 5,2 балдық жер сілкінісінен үш адам жарақат алды

407

Олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен ауруханаларға жеткізілді. 

Қытайда 5,2 балдық жер сілкінісінен үш адам жарақат алды Фото: russian.news.cn

Сейсенбі күні кешке Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының Баошань қаласында болған 5,2 баллдық жер сілкінісінен үш адам жеңіл жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті билік оқиға болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізу үшін апаттық-құтқару қызметі бригадасын жіберді.

ҚХР билігі елдің оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының Баошань қаласындағы жер сілкінісі аймағынан 11 мыңға жуық адамды эвакуациялағанын еске саламыз.

Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 2,4 мың адам жұмылдырылған. Алдын ала есептеулерге сәйкес, жер сілкінісі салдарынан 2,8 мыңға жуық ғимарат зақымданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу