Қытайда 5,5 балдық жер сілкінді

140

Алдымен негізгі дүмпу болып, кейін бірнеше рет афтершок болған. 

Қытайда 5,5 балдық жер сілкінді Фото: knews.kg

Қытайдың сейсмологиялық қызметі (CCTV) Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісінің эпицентрі Санья қаласының маңында 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Алдымен негізгі дүмпу болып, кейін бірнеше рет афтершок болған.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, бұл аймақта танымал Дунхуан туристік орталығы мен Цзюцюань ғарыш айлағы орналасқан. Тұрғындар жер сілкіністерін сезінген, алайда зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу