Қытай атом электр станцияларының санын көбейтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазір көрші мемлекет ядролық реакторлардың санын 102-ге жеткізді. Оның 58-і жұмыс істеп тұр. 44 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Қытайдың ұлттық энергетикалық басқармасының мәліметіне сәйкес, ядролық энергия көздерінен жылына жалпы мөлшері 450 млрд кВат сағат энергия өндіреледі. Нәтижесінде 140 млн тонна көмір үнемделген. Ауаға бөлінетін көмір қышқыл газы 370 млн тоннаға қысқарған.
Енді ел үкіметі 2030 жылға қарай АЭС-тердің жалпы қуатын 113 гигаваттқа жеткізуді көздеп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу