Қытайда бір күнде 285 миллион адам жолға шығады

84

Ресми демалыс 9 күнге созылады.    

Қытайда бір күнде 285 миллион адам жолға шығады Фото: Синьхуа агенттігі

Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың алғашқы күні 285 миллион адам жолға шығады, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Елдің көлік министрлігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары. 

Көктем мерекесіне орай жолаушылар қалааралық бағыттар бойынша автожолдармен көп жүрген. Сонымен қатар әуе қатынасы мен теміржол қозғалысы да үздіксіз жұмыс істеп тұр. Сұраныс артып жатса, рейстер саны көбейтіліп, қосымша пойыздар іске қосылады.

Мамандардың айтуынша, жолаушылар ағынына қарамастан, жүйе жұмысында ақау жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу