Бірнеше ай бұрын қолданысқа берілген Қытайдың оңтүстік-батысындағы Хунци көпірінің бір бөлігі опырылып түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында орналасқан Хунци көпірі ішінара құлап, аймақта қою шаң аспанға көтерілді. Нысан Қытайдың ішкі өңірін Тибетпен жалғайтын ұлттық автожол бойында орналасқан.
Жергілікті биліктің мәліметінше, көпір маңындағы еңістер мен жолдарда жарықтар байқалғаннан кейін ол дүйсенбі күні жабылған. Сейсенбі түстен кейін таулы аумақта көшкін жүріп, соның салдарынан көпірдің бір бөлігі опырылған.
Зардап шеккендер жоқ.
Reuters агенттігінің мәліметінше, полиция көпірді құлардан бір күн бұрын, дүйсенбі түстен кейін көлік қозғалысын шектеп, толық жапқан. Мұндай шешім көпір маңындағы еңістер мен жолдарда жарықтар пайда болғаннан кейін қабылданған.