Қытайда ғылымға арналған автономды ЖИ жүйесі іске қосылды

129

Жүйе 23 желтоқсанда іске қосылды. 

Қытайда ғылымға арналған автономды ЖИ жүйесі іске қосылды Фото: dailyai.com

Қытайда ғылыми зерттеулерді автоматтандыруға арналған жасанды интеллект желісі іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты шетелдік басылымға сілтеме жасап.

Трамптың Genesis миссиясы ғылыми міндеттерді дербес қойып, адамның қатысуын барынша азайтатын ұлттық жасанды интеллект зерттеу желісін құруды көздейді. Қытай бұл мақсатта ел аумағындағы 30-дан астам ғылыми-зерттеу институтының деректер орталықтарын біріктіретін ұлттық суперкомпьютерлік желі SCNet платформасын пайдаланады. Жаңа жүйе модельдеу жүргізіп, деректерді талдайды және дайын ғылыми есептерді ұсынады.

Қытайлық жүйе 2025 жылғы 23 желтоқсанда іске қосылды. Оған дейін бір ай бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп ғылыми жаңалықтарды жеделдетуге арналған "Genesis Mission" бастамасын жариялаған болатын. Америкалық бағдарламада негізгі кезеңдерді орындауға нақты мерзімдер белгіленген, ал қытайлық платформа қазірдің өзінде өнеркәсіптік деңгейде жұмыс істеп, елдегі мыңнан астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді.

SCNet негізіндегі платформа бір мезетте 100-ге жуық ғылыми жұмыс процесін қамтамасыз ететіні айтылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу