Қазақстандық тасымалдаушылар миллиардтаған шығынға батып жатыр – "Атамекен" ҰКП

644

Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты темір жолда 4,5 мыңнан астам вагон кептелісте тұр. Салдарынан қазақстандық тасымалдаушылар миллиардтаған шығынға батып жатыр. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары бүгінде бір орыннан қозғалмай тұрған вагондарда 220 мың тоннадай жүк тиелгенін айтады, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстандық тасымалдаушылар миллиардтаған шығынға батып жатыр – "Атамекен" ҰКП

Соңғы жеті айда Қытай Халық республикасына темір жол арқылы 4,8 млн тонна жүк экспортталған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға төмен.

Жалпы, бұл елге қара металдар, астық, түсті металдар, мұнай өнімдері, көмір тасымалданады. Қытай елінің карантиндік шараларын енгізуден зардап шеккен негізгі экспорттаушылар - тау-кен металлургия және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындары дейді Талғат Темірханов. Мәселен, бүгінгі күні қазақстандық тауарларды қабылдаудың нашарлауына байланысты ірі тау-кен металлургиялық компаниялары 3 294 337 тонна жүк жөнелткен. Яғни, биылғы жылдың жоспарының тек 80 пайызын ғана орындады. Шығынның көлемі, шамамен, 142 миллиард теңгеге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу