Қытайда індеттің тағы бір ошағы анықталды

843

Цзилинь провинциясында індет күрт таралған.

Қытайда індеттің тағы бір ошағы анықталды

Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті коронавирус індетінің тағы бір ошағы анықталғанын мәлімдеді. Ведомство дерегі бойынша, дерттің күрт таралуы Цзилинь провинциясында тіркелген. 

Соңғы тәулікте елде 118 адам вирус жұқтырған. Оның 43-і – Цзилинь тұрғындары. Өткен аптада бұл провинцияда бірен-саран адамның ауруға шалдыққаны хабарланған еді. 

Бұған дейін мұндай динамика елдің шығысындағы Хэбэй провинциясында байқалған еді. Бір тәулікте бұл жерде 35 науқас тіркелді. Бейжің қаласы Хэбэй территориясында орналасқандықтан, провинция тұрғындарына шаһарға баруға тыйым салынды.

Жалпы, Қытайда пандемия басталғалы 88 мың адам вирус жұқтырған. Оның 82 мыңы ем-дом қабылдап жазылса, 4,6 мыңының ауруы асқынып қаза тапты.

Табиғат Нұрболат

Фото: ft.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу