Қытайда Көктем мерекесі кезінде 2,8 миллиард жолаушы тасымалданды

127

Бұл туралы ҚХР Көлік министрлігі жариялады.    

Қытайда Көктем мерекесі кезінде 2,8 миллиард жолаушы тасымалданды Фото: chinadaily.com

Дүйсенбіде аяқталған тоғыз күндік Көктем мерекесі (Чуньцзе – ай күнтізбесі бойынша дәстүрлі қытайлық жаңа жыл) кезінде бүкіл Қытай бойынша 2,8 миллиардтан астам аймақаралық жолаушылар сапары жасалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Биылғы "чуньюнь" кезеңінде (Көктем мерекесіне дейін, мереке кезінде және одан кейін халықтың жаппай ішкі миграциясы кезіндегі көлік жүйесінің ерекше жұмыс режимі) жаңа рекордтар орнатылады деп күтіліп отыр.

Болжам бойынша, 2 ақпан мен 13 наурыз аралығында ел бойынша шамамен 9,5 млрд аймақаралық жолаушылар сапары жасалмақ.

Ведомствоның атап өтуінше, 21 ақпандағы жағдай бойынша  2026 жылғы "чуньюнь" кезеңінің ортасына қарай аймақаралық жолаушылар тасымалының көлемі 5,08 млрд адам-ретті құрады.

Соның ішінде:

  • Автомобиль көлігімен – 4,76 млрд адам;
  • Теміржол көлігімен – 258 млн адам;
  • Су көлігімен – 19,99 млн адам;
  • Әуе көлігімен – 47,51 млн адам.

Биылғы Көктем мерекесі кезінде энергияның жаңа көздерімен (NEV) жүретін көлік құралдарын пайдаланудың одан әрі өскені тіркелді. ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасының мәліметінше, 15-23 ақпан аралығында автожолдардағы NEV көліктерін қуаттаудың жалпы көлемі 149,77 млн кВт-сағ құрады. Тәуліктік орташа қуаттау көлемі рекордтық 16,64 млн кВт-сағ деңгейіне жетті, бұл өткен жылғы мерекелік демалыс кезеңімен салыстырғанда 52%-ға көп.

Қытайдағы отбасылардың қайта қауышуы үшін ең маңызды дәстүрлі мереке болып саналатын Көктем мерекесі биыл 17 ақпанға сәйкес келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу