Қытайда көпір құрылысында трос үзіліп, 12 адам қаза тапты

320

Цинхай провинциясында салынып жатқан теміржол көпірінде трос үзіліп, 12 адам қаза тапты. Тағы 4 адам із-түзсіз жоғалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қытайда көпір құрылысында трос үзіліп, 12 адам қаза тапты Фото: cbsnews.com

Оқиға кезінде ұзындығы 108 метрлік трос үзілген. Құрылыс алаңында 16 жұмысшы болған.

Құтқару жұмыстарына 800-ден астам маман, арнайы техника, қайықтар мен тікұшақтар жұмылдырылды.

Жергілікті ауруханалар жарақат алғандарға жедел көмек көрсету үшін "жасыл дәліз" ашты.

Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап, жоғалғандарды іздестіру жұмыстарын күшейтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу