Қытайда коронавирус қайта күшейді

788

Қытай билігі коронавирус жұқтырғандар санының артуы бойынша тарихи рекордты тіркеді. 

Қытайда коронавирус қайта күшейді Фото: google.com

Соңғы тәулікте дәрігерлер 31 656 жағдайды анықтады, деп inbusiness.kz  ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды. Бұған дейін Қытайда инфекция қатты өршіген  уақыт 14 сәуірде тіркелген,  бұл кезде 29 411 адам коронавирус жұқтырған.

Ведомствоның ресми мәлімдемесіне сәйкес, соңғы тәулікте тіркелген вирус жұқтырғандардың 87 пайызы симптомсыз тасымалдаушылар болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу