Қытайда коронавирус қайта өрши бастады

1401

Шаһарда коронавирустың қандай штамы таралып жатқаны белгісіз. 

Қытайда коронавирус қайта өрши бастады

Қытайдың Сиань қаласында (Шэньси провинциясы) кеше коронавирус жұқтырудың 158 дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

ҚХР Денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің мәліметінше, 158 деректің 155-і жаңа болып саналады. Тұрғындар вирусты шетелде емес, елде жұқтырған.

"Қалада қатаң карантин шектеуінің енгізілгеніне қарамастан коронивирус жұқтыру дерегі өсіп жатыр. Бейсенбіде – 49 дерек, Жұмада – 75 дерек", – деп жазылған хабарламада.

Қытай билігі Сианьда коронавирустың таралуын болдырмау үшін ішкі рейстерді тоқтатқан, пойыздар мен қалааралық көліктердің жүруіне шектеу қойған. Тұрғындар шұғыл жағдай болмаса, үйден шықпауы керек. Азық-түлік пен қажет тауарларды сатып алу үшін отбасының бір мүшесі ғана дүкенге бара алады. Тұрғындарға екі күнде бір рет дүкенге баруға рұқсат берілген.

ҚХР Денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті таратқан хабарламада Сианда коронавирустың қандай штамы таралып жатқаны жазылмаған.

Бүгінде Қытайда омикрон штамын жұқтырудың 7 дерегі тіркелген: 4 дерек – Гуанчжоу қаласында (Гуандун провинциясы), 2-еуі – Чанша қаласында (Хунань провинциясы), 1 дерек – Тяньцзинь қаласында. 

Тәртіпті тексеру жөніндегі орталық комиссия Сианьда коронивирустың алдын алу және бақылау саласында дұрыс жұмыс істей алмағаны үшін 26 шенеуніктің жауапқа тартылғанын хабарлады. 

Қытай билігі 2022 жылғы 4-20 ақпанына жоспарланған Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының жақындауына байланысты COVID-19 вирусының таралуына алаңдап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу