Қытайда мұнай тұтыну азайып еді, әлемде баға төмендеп кетті

779

Мұнай бағасы соңғы екі жылдан бергі алғаш рет күрт төмендеді.

Қытайда мұнай тұтыну азайып еді, әлемде баға төмендеп кетті

Мұнайдың әлемдік бағасы Қытайда энергетикалық ресурстарға сұраныс төмендейді деген қорқыныш күшейген тұста төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

25 сәуір Brent маркалы мұнай фьючерстері 3,7 пайызға арзандап, барреліне 102,72 долларды (шамамен 45 000 теңге) құрады. Сессияның басында олар 12 сәуірден бергі ең төменгі деңгейге жетті.

Америкалық West Texas Intermediate (WTI) мұнайының фьючерстерінің бағасы да барреліне 3,7 пайызға арзандап, барреліне 98,27 долларға (шамамен 43 мың теңге) дейін төмендеді. Осылайша, соңғы екі аптадағы ең төменгі деңгейге жетті.

SPI Asset Management басқарушы директоры Стивен Иннес: "Қытайда мұнай тұтынудың төмендеуіне байланысты төмендеді, ал Федералды резервтік жүйе АҚШ экономикасын бәсеңдету үшін пайыздық мөлшерлемелерді көтеруде", – деді.

Шанхай билігі демалыс күндері қалада жаңа COVID-19 жағдайларының рекордтық саны туралы хабарлады, ал Бейжің билігі коронавирустың тез таралуын жалғастыруда деп мәлімдеді.

Сәуірде Қытайда бензинге, дизельге және авиациялық отынға деген сұраныс өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 20 пайызға, яғни тәулігіне шамамен 1,2 миллион баррельге төмендеуі мүмкін, деп хабарлады Bloomberg ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Мұндай құлдырау екі жылдан астам уақыт бұрын Қытайдың Ухань қаласында COVID-19 індеті басталғанда болған. Бұл жолғы құлдырау сол кезден бері алғаш рет болып тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу