Қытайда пойыз 11 адамды қағып, мерт қылды

243

Оқиға Юньнань провинциясында болған.

Қытайда пойыз 11 адамды қағып, мерт қылды Фото: РИА Новости

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Куньмин қаласында сейсмикалық жабдықты сынақтан өткізген пойыз жұмысшыларды қағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

"№55537 пойыз сейсмикалық жабдықты сынақтан өткізу кезінде Куньмин қаласының Лоянчжэнь станциясы аймағындағы бұрылыста жолға шыққан құрылысшыларды қағып кетті. 11 адам қаза тауып, тағы 2 адам жарақат алды", – делінген хабарламада.

Оқиғадан кейін теміржол басқармасы құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Қазір "Лоянчжэнь" станциясындағы теміржол қозғалысы қалпына келтірілді.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу