Қытайда QazTrade сауда өкілдігі ашылады

219

QazTrade отандық өнімдердің консолидаторы ретінде қытайлық ірі компаниялардың жолсерігі болады. 

Қытайда QazTrade сауда өкілдігі ашылады Фото: eldala.kz

Сауда өкілдігін ашу үшін Сычуань провинциясының Паназиялық инвестициялық-дамушы тобы арасында стратегиялық келісімге қол қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біздің жұмыс сапарымыздың шеңберінде, Қазақстан мен провинция арасында сауданы ұлғайтуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында, Qaztrade компаниясы мен Сычуань провинциясындағы қытайлық серіктестермен бірлесіп QazTrade Сауда өкілдігінің жұмысын бастау жөніндегі Сычуань провинциясының Паназиялық инвестициялық-дамушы тобы арасында стратегиялық келісімге қол қойылды. QazTrade отандық өнімдердің консолидаторы болып қытайлық ірі компаниялардың жолсерігі болады", — деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Жалпы сауда өкілдігі ашылатын Қытайдың ең ірі үш провинциясының құрамына кіретін Сычуань провинциясы мен Қазақстан арасындағы сауда шамамен екі жүз отыз миллион долларды құрайды, оның ішінде Қазақстан қырық бес миллион долларға өнім экспорттайды. Провинция отандық май өнімдерінің, астық өнімдерінің, сусындардың, кондитерлік өнімдердің және тағы да басқа тауарлардың үлкен көлемін сатып алуға дайын.

"Өткен жылы Шэньси провинциясында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашты, оның алаңында қазақстандық өнімдер шоурумы жұмыс істейді, Сиянь құрғақ портының аумағында Қазақстан Темір жолы компаниясының терминалының құрылысы басталды.

Сондай ақ Хубэй провинциясының компанияларымен сауда және академиялық ынтымақтастық орнатылып жатыр", — деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу