Қытайда салмағы 359,4 келілік Монғол азаматы тұрады

557

Бүгінде оның салмағы 198 келіге түскен.

Қытайда салмағы 359,4 келілік Монғол азаматы тұрады Фото: budetbaby.ru

Қытайдың ішкі Монғол өлкесінің азаматы Қытайдағы салмағы ең ауыр адамы ретінде тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Оның салмағы өткен жылы 359,4 келі болған.

Юйчжоудың анасы ұлының бала күннен бастап, мығыр, толық болып өскенін айтады.

33 жастағы Монғол азаматы қытайлықтарды таң қалдырды. Оның салмағы ғана емес, бойы да ұзын екен. Университетке оқуға түскенде, бойының биіктігі 186 см-ге, дене салмағы 135 келіге жетеді.

2019 жылдан кейін оның дене салмағы тоқтамай, өсе береді. Юйчжоудың салмағы артқан сайын оның жүріс-тұрысы да қиындай түсіпті.

Айта кетейік, бір кездері Қытай елінде азаматтардың аяқ астынан осылай салмақ жинап алу жағдайлары көбейіп кеткен болатын. Бірақ сол кездері Юйчжоудың орнатқан рекордын ешкім жаңартпаған еді.

Анасы Юйчжоуды ауруынан айықтыру үшін Бейжіңдегі Қытай-Жапония достық ауруханасына жеткізеді. Сол жерде оған арнайы дәрігер тағайындалып, түрлі жаттығулар жасатып, 104,4 келі салмақ тастатады.

Артынша оған ота жасап, созылып кеткен асқазанының бір бөлігін кесіп алып тастайды.  

Отадан кейін Юйчжоудың жағдайы жедел жақсарып, салмағы тұрақты түрде төмендей бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу