Қытайда сирек жер элементтері бар ірі кен орны анықталды

132

Минерал электромобиль қозғалтқыштарында кеңінен қолданылады. 

Қытайда сирек жер элементтері бар ірі кен орны анықталды Фото: Фокус

Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиялық ауданынан сирек кездесетін минералдың ірі кен орны табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Халықаралық минералогиялық қауымдастықтың хабарлауынша, бұл жаңа минерал ресми түрде Huanghoite-(Nd) деген атауға ие. Оның құрамына неодим бар карбонатты минерал кіреді. Бұл элемент теңіздегі жел турбиналары мен электромобиль қозғалтқыштарында кеңінен қолданылады.

Жаңа ірі кенішті Ішкі Моңғолия геологиялық зерттеулер институты мен Ухань геологиялық бақылау университетінің мамандары бірлесіп анықтады.

Ол әлемдегі ең ірі сирек металл кеніші саналатын Баян-Обо кен орнының негізгі бөлігінің орталығынан табылған.

Зерттеу тобының жетекшісі Чжао Лайша кен орнының табиғи қоры бай деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу