Қытайда Теміртау жастар театрының актеры өмірден өтті

839

Қытайда Теміртау жастар театрының актеры өмірден өтті

Қытайда Қарағанды облысында жылдың ең үздік актеры атанған Теміртау жастар театрының 43 жастағы актеры Алексей Шумский қайтыс болды, деп хабарлайды Liter.kz.

Жастар театрының директоры Владимир Дроздецкийдің айтуынша, аурудың себебі әлі анықталмаған.

"Біз нақты қай жері ауырғанын білмейміз. Түнде Алексей қайтыс болды деген хабар алдым. Оның айығып кететінінен үміттеніп едік, әлі алда талай рөлді сомдайды деп ойлаушы едік. Алексейді ары қарай емін жалғастыруы үшін Қазақстанға әкеледі деп күтілген болатын", – деді директор.

Қытаймен шекаралас Зайсан қаласына кеткен актердың туыстары  енді оның денесін елге алып келмек.

Алексей Қытайға барар жолда өзін жайсыз сезінген, бірақ демалысын ары қарай жалғастырғысы келген ол сапарын үзбеген екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу