Қытайда тоқыма фабрикасындағы өрттен 8 адам қаза тапты

239

Бұл туралы "Синьхуа" агенттігі хабарлады.  

Қытайда тоқыма фабрикасындағы өрттен 8 адам қаза тапты Фото: cn.com

Қытайдың оңтүстігіндегі тоқыма фабрикасында болған өрттен кемінде 8 адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өрт 20 қыркүйек күні күндіз Гуандун провинциясының Фошань қаласындағы Шуньдэ ауданында орналасқан тоқыма кәсіпорнының аумағында болған.

Провинция билігінің мәліметінше, оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Өрттің шығу себебі, кәсіпорынның атауы және зардап шеккен адамның қазіргі жағдайы әзірге хабарланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу