Қытайда ұшақ апатынан 12 адам көз жұмды

909

Қытайда ұшақ апатынан 12 адам көз жұмды

Қытайда әскери ұшақ құлап, кем дегенде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды tass.ru.

Апатқа ұшыраған Y-8 базасында түрлендірілген жаңа үлгідегі май құюшы ұшақ екені белгілі болды.

Ұшақ апатынан тірі қағандар туралы мәлімет жоқ. Алдын ала болжам бойынша, борттағылардың ешқайсысы парашют қолданып үлгермеген. Бұған қатысты ҚХР қорғаныс министрлігі әзірге ресми мәлімет таратқан жоқ.

Осыдан бір апта бұрын ғана Қытайда J-15 (Цзянь-15) ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Жергілікті БАҚ таратқан ақпараттарға сүйенсек, әскери авиацияның жаттығуына берілмес бұрын, екі ұшақ та әлі жетілдіріліп, сынақтан өтуі керек еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу