Қытайдағы ұшақ апаты: Бортта қазақстандықтар болмаған

993

Ұшақ бортында 132 адам болған.

Қытайдағы ұшақ апаты: Бортта қазақстандықтар болмаған

Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

"Алдын ала мәлімет бойынша ұшақтағы жолаушылар арасында Қазақстан азаматтары болмаған", – деп жазылған Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, кеше China Eastern Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Дэн уезіне құлаған еді. Ұшақта 132 жолаушы болған. Апат салдарынан орманда өрт шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу