Қытайдағы жер сілкінісі алматылықтарға да білінді

1581

Қытайдағы жер сілкінісі алматылықтарға да білінді

Шамамен 4 балдық жер сілкінісі Астана уақыты бойынша таңғы 5-тен 27 минут өткенде тіркелген. Бұл жөнінде еліміздің Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп жазады 24.kz.

Зілзала ошағы – Алматыдан 485 шақырым жерде. Ресми өкілдің дерегінше, жерасты дүмпуінен ешқандай зақым келмеген және алдын ала мәлімет бойынша, Қытайдағы табиғи апаттан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Соңғы ақпарат бойынша, Қытайда 6,5 балдық тағы бір жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде тіркелген. Құрбандар мен жапа шеккендер жайлы әзірге мәлімет жоқ. Бұған дейін аспан асты елінің Сычуань провинциясында 7 балдық зілзала болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу