Қытайдан шығатын транзит жүктер 2,5 есеге артады

278

Қытай арқылы транзиттік жүкті автомобильмен тасымалдау оның көлемін екі жарым есеге арттырады.

Қытайдан шығатын транзит жүктер 2,5 есеге артады Фото: Inbusiness.kz

Бұған себеп, қазақ-қытай шекарасындағы жаңа халықаралық логистикалық терминалдың ашылуы. "Dostyk Storage" ЖШС-не тиесілі орталықтың аумағы 13,5 гектар жер. Ол жылына 3 миллион тонна жүк өткізе алады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Dostyk Storage" ЖШС мен Мемлекеттік кірістер комитетінің атқарған жұмысының нәтижесінде, енді "Алакөл" кеден бекетінің өткізу қабілеті артады. Оған қоса, кросс-докинг технологиясының арқасында осындағы инфрақұрылымға түсетін жүктеме азаяды деп отыр мамандар. Нарық сарапшыларының пікірінше, логистикалық шығындар өнімнің соңғы құнының 12% тең. Сондықтан, шығындарды азайту және қоймадағы тауарларды өңдеу жылдамдығын арттырғысы келетіндер үшін жасалғандай бұл терминал.

"Бұл жоба кептелісті азайтуға мол септігін тигізеді. Яғни, шекара мен кеден бекетінде құжаттарды қысқа уақытта рәсімдеуге болады. Біздің терминал кросс-докинг технологиясын қолдану үшін арнайы салынды. Яғни, жүкті қабылдау және жөнелту процесі қоймаға орналастырмай тікелей жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз, тауарларды соңғы алушыға жеткізу жылдамдығын арттырады және логистикалық шығындарды азайтады", - дейді  "Dostyk Storage" ЖШС Бас директоры Дәулет Мұратұлы.    

"Dostyk Storage" компаниясының сөзінше, нысан қысқа уақытта бой көтерді. Жобаға кеткен инвестиция көлемі 2,8 миллиард теңге. Бұған дейін мұнда тәуілігіне 200 жүк көлігі өтсе, жаңа орталық ашылғаннан кейін ол 600 темір тұлпарға жетеді және жүк айналымы 4 мыңанна 12 мың тоннаға дейін артады екен. Жаңа халықаралық сауда-логистикалық терминалдың ашылуы ең алдымен кәсіпкерлер үшін пайдасы зор.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз болашақта жүктерді өңдейтін және сақтайтын осындай хабтарды ашуды жоспарлап отырмыз. Көлік-логистикалық орталық өз кезегінде шығыс шекарамыздағы осындай алғашқы хаб болып табылады. Достық  Шығыс Қазақстан мен Еуропаның шекарасындағы ең негізгі дәліз", - дейді ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Айта кету керек, еліміз бойынша бірнеше өткізу бекеттері толықтай жаңартылып жатыр. Соның 5-і Қытай, 4-і Өзбекстан және 1-і Түркіменстан шекарасында орналасқан. Жауаптылар сөзінше, модернизациядан өткен бекеттер түгелдей цифрландырылып, жұмыстың барлығы дерлік автоматтандырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу