Қытайдан су электр станциясын салу үшін алынған қарыз өтелді

949

Қуаты 300 МВт болатын, О. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС-і 2012 жылы пайдалануға берілді. Ол Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Шарын өзенінде орналасқан.

Қытайдан су электр станциясын салу үшін алынған қарыз өтелді

"Мойнақ СЭС" АҚ (холдинг құрамында) Қазақстанның су электр станциясын салу үшін Қытайдың Мемлекеттік даму банкінен алған, сомасы 136,3 млн АҚШ доллары болатын валюталық қарызын мерзімінен бұрын өтеді, деп хабарлайды "Самұрық-Қазынаның" үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисі.

"Мәміле "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 50 млн АҚШ доллары сомасындағы корпоративтік кепілдігінің күшін жоюға, сол арқылы акционердің шартты түрдегі міндеттемелерінің сомасын төмендетуге мүмкіндік берді", – деді "Самұрық-Энерго" АҚ "Қазынашылық және Корпоративтік Қаржы" департаментінің директоры С. Ли осы себепке байланысты өткен баспасөз конференциясында. 

Еске сала кетсек, қуаты 300 МВт болатын, О. Қантаев атындағы Мойнақ СЭС-і 2012 жылы пайдалануға берілді. Ол Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Шарын өзенінде орналасқан. Жоба Қазақстан БЭЖ-інің Оңтүстік аймағында (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында) электр энергиясының тапшылығын азайтумен байланысты міндеттерді ойдағыдай шешіп келеді. Станцияның құрылысы Қытайдың Мемлекеттік Даму банкі және Қазақстанның Даму банкі тарапынан бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асырылған болатын.

Валюталық қарызды өтеуге керекті қаражат АХҚО халықаралық қор биржасының (Astana International Exchange) алаңында тартылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу