Астанадағы қазақстан-қытай форумы аясында СҚО мен Шаньси провинциясының "Ишэбэй" ғылыми-техникалық корпорациясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Облыс экономикасы дамыту үшін Қытайдың 40-тан астам ірі өңдеуші кәсіпорындарын тартқымыз келеді. Сондай-ақ өңдеуші сала, машина жасауда ынтымақтастық туралы келісімге келуді көздейміз. Бұл Қытайдан қосымша инвестиция тартуға және екі арасындағы тауар айналымын ұлғайтып, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасайды", - деді СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек.
"Біз Қазақстанға өз технологияларымыз бен жабдықтарымызды әкелгіміз келеді. Сөйтіп тараптарға тиімді мүмкіндіктерді ашқымыз келеді", - деді "Луань" компаниясының атқарушы директоры Лю Цзюнь.
Айта кетейік, "Луань" тау-кен компаниясы Шаньси провинциясының бес ірі көмір корпорацияларының бірі. Компанияның жылдық айналымы 20 млн юань.