Қытайдың адам тәріздес роботы секундына 10 метр жылдамдықпен жүгіре алады

178

Роботтың салмағы – 62 келі. 

Қытайдың адам тәріздес роботы секундына 10 метр жылдамдықпен жүгіре алады Фото: бейнежазбадан

Қытайда Unitree H1 гуманоид роботы 100 метр қашықтықты еңсерді. Ол секундына 10 метр жылдамдыққа дейін жүгіре алады. Бұл туралы Humanoids Daily жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Unitree H1 роботы нарықтағы бәсекелесі MirrorMe Bolt роботын қуып жетті. Салмағы 62 келі болатын Unitree H1 роботының аяқтарының ұзындығы 0,8 метрге барады. Дүние жүзіндегі ең жылдам адам Усэйн Болт секундына 12,42 метр жылдамдыққа дейін жүгірген. Сарапшылардың пікірінше, қазірдің өзінде адам тәріздес роботтар бұл көрсеткішке жақындап та қалды. 

Бұл көрсеткіш бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру нәтижесінде мүмкін болған. Салыстырар болсақ, америкалық Tesla Optimus роботы секундына ең көп дегенде 2,7 метр жылдамдықпен қозғала алады. 

Unitree Robotics компаниясы енді IPO-ға шығуды жоспарлап отыр. Сол себепті осындай технологиялық жетістіктер инвесторлардың назарын аударту үшін маңызды рөл атқарады. Осы айдың соңында Қытай астанасы Бейжің қаласында адам тәріздес роботтардың қатысуымен екінші жыл сайынғы жартылай марафон өтеді. Оған 300-ден астам түрлі модель қатысады деп жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу