Қытайдың Legend Holdings компаниясы 1,5 млрд еуроға Люксембург банкін сатып алмақшы

946

 Қытайдың Legend Holdings компаниясы 1,5 млрд еуроға Люксембург банкін сатып алмақшы

Қытайлық Legend Holdings конгломераты Катардың Precision Capital мемлекеттік қорынан 1,48 млрд еуроға Люксембургтің Banque Internationale a Luxembourg (BIL) банкінің 90 пайызын сатып алуға мәмілелесті. Бұл туралы тараптардың бірлескен мәлімдемесіне сілтеме жасап "Интерфакс" хабарлап отыр.

Бұл Lenovo Group-тың ірі акционері саналатын Legend-тің тарихындағы алғашқы көлемді шетел активіне қатысты мәміле болғалы тұр.

Белгілі болғандай, Люксембург билігі банктегі 10 пайыз үлесті сақтап қалмақшы, оның активтер көлемі  23 млрд еуроға бағаланған.  Мәміленің соңғы нүктесі қойылған соң BIL басшылығы толық құрамда жұмысқа кіріспек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу