Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселелері талқыланды

310

Биыл көрші мемлекетке экспортталатын дәнді дақылдар көлемі артпақ.

Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселелері талқыланды Фото: АШМ

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Іргебаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігі өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін ҚХР нарығына экспорттау мәселелері, соның ішінде фитосанитариялық талаптарды сақтау және оларды қолдану тетіктері жан-жақты талқыланды.

Қазақстан тарапы Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы тарапынан инспекциялық қызметті жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл Қытай нарығына экспорттауға рұқсат етілген өңірлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Экспорт ауқымының ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, жеткізілім көлемін арттыруға ықпал ететіні айтылды.

Отандық компаниялар мен уәкілетті мемлекеттік органдар қолданыстағы рәсімдер аясында инспекциялар жүргізуге және барлық қажетті ақпаратты ұсынуға дайын екендерін растады.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара түсіністік пен іскерлік әріптестікті жалғастыруға ниетті екенін білдіріп, көтерілген барлық мәселелер бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу