Қытайға ұн экспортының көлемін арттыру жоспарланған

954

Биыл шетелге 7-8 млн тонна астық шығарылмақ. 

Қытайға ұн экспортының көлемін арттыру жоспарланған

Президент жолдауын іске асыру туралы брифинг барысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл елімізде 18 млн тонна астық жинау жоспарланғанын мәлімдеді. Оның 7-8 млн тоннасын шетелге шығару көзделген. Бұл ретте министр әдеттегі экспорттаушы елдерден бөлек Қытайға экспорт көлемі артатынын айтты. 

"Биылғы астықтың 18 млн тонна астық жинау жоспарланып отыр. Қазіргі кезде оның 11,5 млн тоннасы немесе 63%-ы бастырылды. Шетелге 7-8 млн тонна астық  экспорттауды жоспарлап отырмыз. Экспорт бойынша негізгі серіктес елдер Өзбекстан, Тәжікстан, Қығызстан, Түрікменстан, Ауғанстан мен Иранға тасымалданады. Сондай-ақ, Қытайға астық пен ұн экспорты көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз. Биыл 18 млн тонна астық жиналса, оның тиісті бөлігі осы нарықтарға бағытталады", – деген министр агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасы қашан әзірленетін айтты. 

"Қазіргі кезде жұмыс тобы құрылды. Оны ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратындар, қауымдастықтар және Президент атап өткендей бизнеспен бірге талқылаймыз. Бастапқы жобасы 2021 жылдың мамырында дайын болады деп жоспарлап отырмыз", – деді министр. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу