Қытайлық инвесторлар Шымкентте зауыт салады

1178

Шымкентте мұнай өңдеу саласына қажетті каталитикалық крекинг катализаторын шығаратын зауыт салынбақ.

Қытайлық инвесторлар Шымкентте зауыт салады

"Сracking catalуst" ЖШС жобаны жүзеге асырса, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Сracking catalуst " ЖШС 2017 жылдың қараша айында ашылды. Былтыр өндіріс базасы құрылып, бүгінде кәсіпорынның өз қоймалары бар. Қысқа мерзімде сілтіні ерітетін қондырғы да орнатылды. Кәсіпорын түрлі қойытылған ерітіндіде каустикалық сода дайындайды. Өнім Қазақстанда ресми тіркелген. 

Кәсіпорынның басты бағыты Шымкент мұнай өңдеу зауытын каталитикалық крекинг қондырғыларымен қамту. Бұл қондырғылар ЖЖМ мен мотор майларын өндіруде мұнайды терең өңдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын каталитикалық крекинг өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі — қытайлық компаниямен жұмыс істейді.

"Қытай компаниясы катализатор өндірісі зауытын салу жөнінде ұсыныс жасады. Қазақстанда мұндай өндіріс орны жоқ. Бұл алғашқы зауыт болмақ. Биылғы жылдың сәуірінде қытайлық компаниямен меморандум түзілді",- дейді "Сracking catalуst " ЖШС-нің бас директорыТәжіхан Жақсыбаев.

Қазіргі таңда қытайлық серіктестер зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындай бастады. Шымкентке 5-6 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құймақ. Зауыт іске қосылса, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу