Қытайлық BYD автоөндірушісі аккумулятор жүйесіндегі қауіпті ақауға байланысты 88 981 гибридті көлігін қайтарып алатынын мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
BYD Automobile Industry Co., Ltd. және BYD Auto Co., Ltd. компаниялары 2021 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың қыркүйегі аралығында шығарылған Qin PLUS DM көліктерін қайтару жоспарын SAMR-ға ұсынып отыр.
Өйткен, көліктерде өндіріс кезінде туындаған аккумулятор біркелкілігінде мәселелер анықталған. Бұл ақаулар аккумулятордың тарту күшін азайтуға және кейбір жағдайда электр режимінде жүре алмауға әкелуі мүмкін.
Компания 28 қарашада басталған кері қайтарып алу нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқарма бастамашылық еткен ақауды тергеу қорытындысы бойынша жүргізілетінін жеткізді.