Қытайлық компания ChatGPT аналогын жасап шықты

Spark чатботы Apple Inc. және Android-та да қолжетімді. 

Қытайлық компания ChatGPT аналогын жасап шықты Фото: digital russia

Адам сөзін тану технологияларын жасауға маманданған қытайлық iFlytek компаниясы жасанды интеллект негізіндегі чат-ботын көпшілікке ұсынды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Spark чатботы барлық қолданбалар дүкендерінде, соның ішінде Apple Inc. және Android құрылғыларында қолжетімді. 

iFlytek Spark ағылшын тіліндегі нұсқасы қазан айына дейін ChatGPT 3.5-пен бір деңгейде болатынын, ал қытай тіліндегі нұсқасы одан асып түсетінін хабарлады.

Өткен аптада қытайлық Baidu Inc өзінің Ernie Bot чат-ботын таныстырған. Doubao деп аталатын ұқсас технологияны TikTok әлеуметтік желісіне иелік ететін ByteDance компаниясы іске қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу