Қытайлық компания KAZ Minerals кәсіпорнымен бірлесіп жаңа жобаны жүзеге асырмақшы

386

Мемлекет басшысы China Nonferrous Metal Mining компаниясының бас директоры Чжан Цзиньцзюньді қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.   

Қытайлық компания KAZ Minerals кәсіпорнымен бірлесіп жаңа жобаны жүзеге асырмақшы Фото: akorda.kz

Әңгімелесу барысында тау-кен металлургиясы және шикізатты терең өңдеу салаларындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қытайлық компанияның KAZ Minerals кәсіпорнымен бірлесіп, Қазақстанда мыс балқыту зауытын салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспары туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы осындай ірі жобаларды іске асыру – елдеріміз арасындағы табысты серіктестіктің нәтижесі екенін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу