Қытайлықтарға жер берілген жоқ

791

Қытайлықтарға жер берілген жоқ

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа байланысты түсінік берді.

"Әлеуметтік желілерде Сарыөзектен Жаркентке дейін жер қытай компаниясына берілді және ол компанияда 700 қытай азаматы жұмыс істейді деген  қауесет тарады. Осы жайтқа байланысты түсініктеме жұмыстарын жүргіздік. Ауылдың ақсақалдарын алып, сол зауыттың  жұмысын көрсеттік. Ол жерде Алматы облысының әртүрлі аймақтарынан келген 100-ге жуық құрылысшымен қатар 125 қытайлық азамат жұмыс істейді. Зауыттағы  құрылғылардың бәрі Қытайда шығарылған. Қытайлық инженерлер жергілікті жұмысшыларға зауыт технологиясын көрсетіп, үйреткеннен кейін өз елдеріне қайтарылады", - деді Ғалымұрат Жүкел.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу