Қытаймен шекаралас маңда жер сілкінді

113

Бұл туралы Қазақ ұлттық деректер орталығы хабарлады.  

Қытаймен шекаралас маңда жер сілкінді Фото: top-fon.com

Қазақстанның Қытаймен шекаралас аумағына жақын маңда жер сілкінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сейсмологтардың ақпаратынша, жер сілкінісі 19 қарашада Астана уақытымен түнгі сағат 23:45-те тіркелген.

Дүмпу ошағы Қытайдың Шыңжаң өлкесі аумағында орналасқан. Орталық дүмпу магнитудасын 4,4 балл деп бағаланып отыр.

Ұлттық орталық жерасты дүмпуі болған жердің координаттарын жариялады. Жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 500 км, ал Үрімшіден шамамен 300 км жерде болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу