Қытаймен шекаралық станциялардағы жүк ағынын арттыру жоспарлануда

877

Қазақстан аумағында ҚХР-ға импортқа арналған өнімдер бар 9 мыңға жуық вагон жинақталып қалды.

Қытаймен шекаралық станциялардағы жүк ағынын арттыру жоспарлануда

Қазақстан мен Қытай делегацияның қатысуымен бейнеконференция форматында селекторлық отырыс өткізіліп, тараптар ҚР мен ҚХР шекаралық темір жолдары бойынша 2020 жылдың 5 айындағы жұмыс қорытындысын шығарды, деп хабарлайды "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Достық-Алашанькоу және Алтынкөл-Қорғас шекара өткелдері арқылы пойыздар өткізгіштігін арттыру бойынша бірлесе атқаратын іс-қимылдар талқыланды.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағында ҚХР-на импортқа арналған өнімдер бар 9 мыңға жуық вагон жинақталып қалды, сондықтан шекаралық станциялар арқылы пойыздар өткізгіштігін арттыруға қажеттілік туындаған.

Биыл бес ай ішінде ҚР мен ҚХР арасында 8 млн тонна жүк тасымалданған.

Онлайн кездесуде тасымал көлемі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артқаны атап өтілді. Оның ішінде Достық станциясы арқылы 6 млн тонна түрлі жүк тасымалданған, бұл 2019 жылдың қаңтар-мамыр аралығындағы көрсеткішке қарағанда 24%-ға көп, ал Алтынкөл станциясы арқылы 2 млн тонна жүк өткізіліп, оның өсімі 44%-ды құраған.

Селектор барысында таяу уақытта Достық станциясынан Алашанькоу станциясына тәулігіне 16-18 пойыздан жөнелту, ал қабылдау жөнінен тәулігіне 12 пойызға дейін қабылдау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өз кезегінде қытай тарапы Қорғас станциясының өткізгіштік қабілетін арттыру үшін инвестицияны көбейту жөніндегі жоспарлары туралы мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу