Қытаймен ынтымақтастық жөнінде 7 құжатқа қол қойылды

874

Қытаймен  ынтымақтастық жөнінде 7 құжатқа қол қойылды

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің шақыртуымен Қытай халық республикасы ауыл шаруашылығы министрінің Астана қаласына ресми жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Сапар барысында ҚР премьер – министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметов пен Қытай халық республикасы ауыл шаруашылығы министрі Хань Чанфудың екіжақты кездесуі және Қазақ-Қытай аграрлық инвестициялық форумы бойынша бірнеше іс-шаралар өткізілді.

Екіжақты кездесу барысында Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласы бойынша әріптестігі, әсіресе, ветеринария және органика жөніндегі өзекті мәселелері, бірлескен инвестициялық жобалары талқыланды.

Форумды екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлері ашты. Аталған форумның жұмысына 100-ден аса бизнес, білім және ғылым өкілдері қатысты.

Форум барысында АӨК-ке 160 млн. доллар көлемінде инвестиция тарту және сауда бойынша ынтымақтастық жөніндегі 7 құжатқа қол қойылды. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР ауыл шаруашылығы министрлігі аргарлық ынтымақтастық аясында "Үлгілік аймақ" құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.

Бұдан бөлек, Форум шеңберінде Қытай еліне қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша "Азық түлік корпорациясы" АҚ ұлттық компаниясымен бірнеше келісімдерге қол қойылды.

Бұл келісімдер ҚХР-ге 200 мың тонна дәнді-дақыл және 100 мың тонна майлы дақылдарды экспорттауға сонымен қоса, аталған дәнді-дақыл түрлерін шекаралық аймақта сақтайтын терминал құруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда бұрын қол қойылған Келісімдер бойынша рапс майын, сүт, ет, қызанақ және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша біріккен инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, Citic Group компаниясымен жүргізген ынтымақтастық барысында бидай және бидайдың сабанын өңдеу бойынша екі үлкен жоба іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мен Қытайдың XISEN компаниясы арасында картоп өсіретін тәжірибелік демонстративті стационар құру бойынша Келісімге және осы университетпен Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасында біріккен агротехпарк құру жөнінде Келісімге қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу