Оқиға кезінде тілдік кедергінің болмауы өрт сөндірушілерге шетелдік азаматтармен жедел байланыс орнатып, жағдайды нақты бағалауға мүмкіндік берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
№23 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Бейбіт Қыран нысан қызметкерлерімен қытай тілінде тікелей тілдесіп, ғимарат ішіндегі жағдайды анықтады. Ол адамдарды қауіпсіз аймаққа бағыттап, құтқару жұмыстарының үйлесімді жүргізілуіне ықпал етті.
Тілдік кедергінің болмауы құтқару қызметінің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп, төтенше жағдайда әрбір минуттың маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Анықталғандай, электр кабельдері мен құрылыс қоқысы жалпы көлемі 10 шаршы метр аумақта жанған.
Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті сөндіріп, оның көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді.
Зардап шеккендер жоқ. Себептері анықталуда.