"Әйел ұзын тілінен табады" деген депутат Қазақстанда қыз алып қашу әлі де барлығына күмәнданады

347

90-жылдары Қазақстанда экономикалық жағдай қиын болды. 

"Әйел ұзын тілінен табады" деген депутат Қазақстанда қыз алып қашу әлі де барлығына күмәнданады Фото: azattyq-ruhy.kz

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев қыз алып-қашу мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“90-жылдары Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін Қазақстанда экономикалық жағдай қиын болды. Сол кезде “қыз алып қашу” деген үдеріс пайда болды. Оны көбі қазақтың дәстүрі деп шатастырды. Өзіңіз білесіз, біздің қазақ құда түсіп, жөн-жоралғысын әдемі орындайтын халық. Бірақ осы экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты 90-жылдары ондай фактілер болды. Қателесетін шығармын, бірақ білуімше, қазір қызды алып қашу жоқтың-қасы деуге де болады. Себебі еліміз дамыған өркениетті елміз. Батыс мемлекеттеріне теңесеміз дейміз. Бірақ википедияда қызды ұрлау мәселесінде Қазақстан Эфиопиямен бірдей тұр. Эфиопия қайда? Қазақстан қайда?”, - деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу