Түркістанда полиция қыз алып қашпақ болған екі жігітті дер кезінде ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тәртіп сақшылары жол бойындағы Kia автокөлігінің ішінде отырған қыздың қолын бұлғап, көмекке шақырғанын байқады. Күдік тудырған машинаны тоқтатқанда, бойжеткен жүгіріп шығып, көмектесуін сұраған.
Заңға сәйкес аталған жағдайда мәжбүрлеп некеге тұрғызу бабы бойынша іс қозғалады. Бірақ кейінірек бойжеткен жас жігітпен кездесіп жүргенін, алайда біраз уақыт бұрын жанжалдасып қалғанын айтады. Ол жігіттің үстінен шағымданып, арыз жазудан бас тартты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу