Қыз зорлауға қатысы бар деген күдікпен гастербайтер іздестірілуде

1409

Күдікті өзін Елемесов Абдусамат, Қарақалпақстаннан келген деп таныстыруы мүмкін. 

Қыз зорлауға қатысы бар деген күдікпен гастербайтер іздестірілуде

Алматы облысында 29 жастағы ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Немолчиkz қозғалысы таратуда.

1990 жылы туған Сексенов Саламат Үсенұлы ҚР ҚК 120 бабы 1 б. бойынша қылмыс жасады деген күдікпен іздестірілуде. Оның Іле ауданындағы қыз зорлау фактісіне қатысы бар деген ақпарат тарады.

"Гастарбайтер, бомж, құжаты жоқ. Өзін Елемесов Абдусамат, Қарақалпақстаннан келген деп таныстыруы мүмкін. Оны көрген-білгендер болса, біздің +77051510000 сенім телефонымызға хабар беруін сұраймыз", ­– дейді белсенділері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу