"Қыздарымды басып қала жаздады": Астанадағы саябақта балалар мінген аттракцион үзіліп кеткен

93

Орталық саябақта аттракцион кабиналарының бірі үзіліп, жерге құлаған.  

"Қыздарымды басып қала жаздады": Астанадағы саябақта балалар мінген аттракцион үзіліп кеткен Фото: threads/@aiitosha11

Сол сәтте оның ішінде кішкентай екі қыз бала болған. Бұл туралы балалардың анасы әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға 25 сәуір күні сағат 17:10 шамасында болған. Куәгердің айтуынша, балаларын әткеншекке отырғызғаннан кейін бірнеше айналымнан соң кабина кенеттен ажырап, төмен қарай құлаған.

Сол сәтте қыздарын құтқаруға ұмтылған жолдасының да өміріне қауіп төнгенін айтады. Кішкентай қыздар қатты қорқып қалған. 

Елорда тұрғыны қала әкімдігі мен жауапты органдардан саябақтағы барлық ойын құрылғыларына шұғыл техникалық аудит жүргізуді талап етіп отыр.

"Нұра" аудандық полиция басқармасы болған оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"25 сәуірде аттракцион операторы келушілері бар отырғызу кабинасының құлағаны туралы хабарлаған. Кабина аспалы темірдің бекіткішінен ажырап кеткен.

Тексеру қорытындысы бойынша материалдар тиісті уәкілетті органдарға шара қабылдау және аттракциондардың қауіпсіздігін тексеру үшін жолданады", – делінген аудандық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу