Қызметкер шағымын Бас прокуратураның жұмыс тобы тексереді

Бұған дейін облыстық департаменттің қызметкері басшылық тарапынан қысым болып жатқанын айтып, шағымданған еді.   

Қызметкер шағымын Бас прокуратураның жұмыс тобы тексереді Фото: kazgazeta.kz

Осыған орай, Бас прокурордың тапсырмасымен жұмыс тобы арнайы Жамбыл облысына аттанды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жұмыс тобы өңірлік прокуратура қызметкерінің шағымын қайта тексермек. 

– Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Жамбыл облыстық департаменті қызметкерінің бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралған бейнежолдауына қатысты Бас прокуратура келесіні хабарлайды. Бас прокурордың тапсырмасы бойынша айтылған уәждерді тексеру үшін Жамбыл облысына Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері, сондай-ақ комитет төрағасының орынбасары кіретін жұмыс тобы жіберілді, – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бірер күн бұрын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Жамбыл облыстық департаментінің қызметкері Әлия Қожабекова бейнежолдауында басшылық тарапынан болып жатқан заңға қайшы әрекеттерді айтып шағымданған болатын. Сонымен қатар, ол әріптестері тарапынан қысым көргенін,

Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінен мәліметтер үнемі өшірілетіндігін жеткізіп, ешкім жазаға тартылмайтынын жайып салған. 

Видеодан соң Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті ресми мәлімдеме жасап, Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бейінді бөлімшелермен бірге тексеру жүргізгенін, шағымданушының деректері дәйексіз болғанын хабарлаған еді. Енді аталған жайтты жіті тексеру үшін Бас прокурордың өзі тапсырма берді, жағдайды да бақылауда ұстамақ. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу