Абай облысы Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы желіде жарияланған видеодан кейін қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Облыстық полиция департаменті видеодағы адам Шар қалалық полиция бөлімінің бастығы екенін растап, қызметтік тергеу аяқталғанын мәлімдеді.
"Тәртіптік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Жарма ауданы Шар қалалық полиция бөлімінің басшысы қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды", – деп хабарлады облыстық полиция бөлімі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу