Қызметтік ит ҚАЖ мекемесіне жасырын жеткізілген тыйым салынған затты тапты

324

Жағдай құзырлы органдардың бақылауында.  

Қызметтік ит ҚАЖ мекемесіне жасырын жеткізілген тыйым салынған затты тапты Фото: ҚР Ұлттық ұланы телеграм

Аршалы ауданында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, мекеме аумағына тыйым салынған затты жеткізу әрекетін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Газель" автокөлігін тексеру кезінде "Айза" атты қызметтік ит артқы көрініс айнасының оң жақ тұсында күмәнді зат барын сезген. Тереңдетілген тексеру барысында айна қуысының ішінен жасыл түсті, өзіне тән иісі бар зат салынған жасырын орама табылып, тәркіленді.

Тексеру тобының құрамында ефрейтор Тимур Қожабеков пен кинолог-маман, кіші сержант Береке Дөненбай қызмет атқарған.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғалар анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу