Қызметтік ит шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады

494

Линда атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына  өтіп бара жатқан  Opel Agila маркалы автокөлікті көріп, үріп белгі береді.  

Қызметтік ит шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады

Содан полицейлер күдік тудырған көлікті  байқап, бірден  тоқтатып тексереді. Нәтижесінде автокөлік капотының ішінен қағазға оралған есірткіге ұқсас зат табылады. Ол көлік жүргізушісіне тиесілі зат болып шықты. Сараптама оның гашиш есірткісі екенін растады, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, орта жастағы азаматтың Қырғызстан елінің тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу