"Қызығушылық ояту үшін жүктедік": Депутат елді дүрліктірген видеоға пікір білдірді

177

Бұл - әлеуметтік роликтің бөлігі.

"Қызығушылық ояту үшін жүктедік": Депутат елді дүрліктірген видеоға пікір білдірді Фото: видеодан алынған кадр

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов отандық видеограф түсірген роликтің қаһарманына айналды. Онда ол елордадағы ең зәулім ғимарат - Әбу-Даби Плазаның төбесінде суперқаһарман шекпенімен әрі суперқаһармандарға арналған музыка ырғағымен елордаға көз салып тұрады. Бұл бейнероликке қатысты депутат пікір білдірді деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Бұл - әлеуметтік роликтің бөлігі. Қазіргі уақытта монтаждау жүріп жатыр. Дайын болған кезде өздеріңіз де көресіздер. Мен жеткілікті ақпарат бердім", - деп жауап берді Руслан Берденов хабарлама арқылы. 

Осыдан кейін агенттік тілшісі ролик авторы және әзірше атауы белгісіз болып тұрған әлеуметтік жобаның идеялық көмекшісі - видеограф Әділет Рахметуллаға хабарласқан еді. Өйткені, ол аталған роликті әлеуметтік желіге жүктеген болатын. 

"Біз әлеуметтік ролик түсіреміз. Бұл видеоны қызығушылық ояту мақсатында түсірдік. Ал қалғанын соңында көресіздер", - деді блогер. 

Олар мұнан әрі оқиғаның мән-жайын айтудан бас тартып отыр. 

Ролик әлеуметтік желіде санаулы ғана уақыт болғанына қарамастан, жұртшылықтың біразы оны көріп, пікірлерін қалдырып үлгерді. Тіпті, депутаттың бұл әрекетіне таңдасынын білдіріп жатқандар да бар.

Желі қолданушылары депутат осы әрекеті арқылы букмекерлік кеңселермен және лудоманиямен күреске бел шеше кірісті деген ойда. Өйткені, депутат аталған қоғамдық кесел жайында жиі мәселе көтеріп жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу