"Қызыл аймақта" құрбан шалу рәсімі қалай ұйымдастырылады?

1121

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі шектеу шараларына байланысты биыл құрбан шалу рәсімі 2 жолмен жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Қызыл аймақта" құрбан шалу рәсімі қалай ұйымдастырылады?

"Бірінші жолы: мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып "сары" және "жасыл" аймақтарда онлайн және офлайн форматта өткізу. Екінші жолы: еліміздің "қызыл" аймақтарында бүгінгі пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдың тәжірибесін қолданып, құрбан шалу рәсімін шариғаттағы "өкілдік" қағидасына сәйкес qurban2021.kz сайты арқылы тек онлайн режимде жүзеге асыру", – деді бас мүфти.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу