"Қызыл" аймақтағы өңірлер қайтадан ASHYQ қосымшасын пайдаланады

677

Еліміздің коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енген өңірлері қайтадан карантиндік шектеулер енгізуге мәжбүр болады. Сонымен қатар қайтадан ASHYQ қосымшасын пайдалануға тура келуі мүмкін. 

"Қызыл" аймақтағы өңірлер қайтадан ASHYQ қосымшасын пайдаланады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, деп жазды inbusiness.kz. 

"Қатаң карантинді енгізу мәселесі белгілі бір аймаққа ауысқан жағдайда қаралады. Бірақ бүгінде "сары" аймақта тек Нұр-Сұлтан ғана. Облыс "сары" аймақта болған кезеңде бизнеске ауыртпалық түсіретін кейбір қатаң шектеу шараларын енгізу қарастырылмаған. Бірақ "қызыл" аймаққа өткен жағдайда ASHYQ жүйесі де енгізілуі мүмкін. Шектеу шаралары екі кезеңде енгізіледі деп болжануда", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу